БҚО-да ауыл ақсақалы әкімге кіру үшін бес сағат күткен

12:09, 23 қазан 2018

Оралдың Жұбан кентінде 78 жастағы Құрманғали Тәжімұқанбетов әкіммен кездесу үшін бес сағат бойы күткен. Бұл туралы Уральская неделяға сілтеме беріп stan.kz хабарлады.

«Менің айтарым жеке басыма қатысты емес. Ауылда тұрам. Жол, су, газ, жер мәселесі бар. Маған талон алып күт деді. Ол кезде сағат таңғы 9 болатын. Қазір түскі ас уақыты. Әлі әкімге кіргізбейді. Менің мәселем 5-10 минуттық шаруа. Бірақ кіргізер емес», – дейді ақсақал.

Қария облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірнеше рет жолықпақ болған. Бірақ еш мүмкін емес. Өзі үйінде талонның бір қорабы жатқанын айтады.

Әкімнің баспасөз хатшысы Дәурен Сәкен шығып, өзін видеоға түсірмеуін сұрады. Қариямен сөйлесіп, бұл мәселені шешетінін айтты. Кейінірек хабарласып, қарияны облыс әкімі қабылдағанын жеткізді.

«Әкімге қабылдауға кірудің белгілі жүйесі бар. Алтай Сейдірұлы қария алыстан келгендіктен оны қабылдады. Жыл басынан бері 280 адамды қабылдады. Қазір әкім лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеп жатыр», – дейді Дәурен Сәкен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!