БҚО-да аттан құлаған бала көз жұмды

15:01, 17 шілде 2018

Батыс Қазақстан облысында аттан құлаған бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теректі ауданы Сарыөмір ауылдық округінің әкімі Сабырбек Мусиннің айтуынша, Зеленов ауданы Щапов ауылынан 2005 жылғы бала Сарыөмірде тұратын нағашыларына қыдырыстап келген.

Атты көріп, оған мінгісі келген бала оқыс оқиғаға душар болды. Ат оны біраз жерге дейін сүйреп кеткен.

Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Оның денесі сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!