«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

17:54, 16 тамыз 2018

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Мұндай мәлімет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қорының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қордың мәліметі бойынша кәсіпкерлікпен айналысып, мемлекеттен жеңілдік алу жолдары оңайлап келеді.

«Енді бұдан былай 180 млн теңгеден асатын несие бойынша кепілдік беру үшін Өңірлік үйлестіру кеңесіне жүгінудің қажеті жоқ. Екіншіден, кәсіпкер қордың кепілдігін банкке бармай тұрып ала алады. Сонымен қатар, барлық кәсіпкерлер «Даму» қорының кепілдігін алу үшін egov.kz арқылы өтініш беру мүмкіндігіне ие. Егер жоба мемлекеттік-жеке әріптестік аясында жүзеге асырылатын болса, 360 млн теңгеге дейінгі жобалар экономиканың басымдық берілген саласына жатуы міндетті емес», - делінген хабарламада.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!