Бізге конструктивті өзара іс-қимылдың түйісетін нүктелерін іздеу қажет - Назарбаева

12:33, 16 қыркүйек 2021

© Сурет: eamedia.org

Коронавирус пандемиясы, онымен байланысты экономикалық және әлеуметтік катаклизмдер әлемді адам танымастай өзгертті. Халықаралық деңгейде мемлекетаралық қатынастардың барлық жүйесінің беріктігі сынға түсуде, негізгі тәуекел факторы - сенімді жоғалту. Еуразиялық медиа форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева шараның ашылу салтанатында осылай деді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Біз бұл кездесуді екі жыл күттік. Пандемияға байланысты екі жыл бойы елең-алаң мен қорқынышта өмір сүрдік, өкінішке орай, көпшілігіміз жақындарымыздан айырылдық. Осындай қиындықтарға қарамастан, біз бүгін сіздермен тағы да бас қосып отырмыз. Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше мәнге толы, соның бірі - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Тәуелсіздіктің 30 жылы - бейбітшіліктің 30 жылы, тәуелсіз еліміздің құрылғанның 30 жылы және заманауи мемлекеттілік пен азаматтық қоғам институттарын құрудың 30 жылы, - деді Дариға Назарбаева.

Ол 30 жыл бұрын Кеңес Одағының ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына түрткі болғанын еске алды. Осы жылдар ішінде, бауырлас республикалар өмірі әрқилы сипатта өрбіді, - дейді ол.

Соңғы 30 жылдық тарих көрсеткендей, саяси, әлеуметтік, экономикалық жүйесі, саяси және азаматтық мәдениеті тұрақты қалыптаспаған дамушы әлемде даму траекториясы мемлекет басшысының, ұлт көшбасшысына және ұлттың өз ерік-жігеріне өте тәуелді болады.Әртүрлі саяси жүйелердің артықшылықтары туралы теориялық тұрғыдан ой қозғап, тарихтағы жолайырықтар туралы талмай көп сөз етуге болады. Иә, бастапқы жағдайлар мен табиғи ресурстар орасан зор рөл атқарады, бірақ, ең бастысы, көшбасшының жеке тұлғасы, оның өз елін әлемнің қай орнынан көретіні, жалпы болашағы туралы көзқарасы шешуші рөлге ие. Бұл тұрғыда Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында ерекше орынға ие. Оның басшылығымен біздің еліміз қысқа тарихи кезеңде шынайы тәуелсіздікке, мемлекеттік егемендікке ие болып, толыққанды заманауи экономика мен қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік саланы құруда сындарлы әрі жемісті кезеңді басып өте алды, - деді ол.

Дариға Назарбаева бүгінгі Қазақстан әлемдік саясатта да, Орталық Азия аймағында да белсенді позицияны иеленетін жауапты мемлекет екенін атап өтті.

Соңғы үш онжылдықта Қазақстан аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты мемлекет ретінде өзін ажқсы жағынан танытып келеді. Қиын уақытта біз әрқашан бауырлас республикаларға көмекке келіп отырдық. Азық-түлікпен, астғымызбенқ, жанар-жағармайымызбен, техникамызбен бөлістік. Қазір бәрімізді көршілес Ауғанстанда болып жатқан процестер алаңдатады... Ауғанстанның басындағы қиын жағдай мемлекеттің бақыты мен өркендеуі, қанша жерден жақсы ниетпен жасалып жатыр десе де, шетелдік күштің арқасында орнамайтынының жақсы дәлелі бола алады, - деді ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрағасы.

Оның көзқарасы бойынша, тәуелсіздіктің 30 жылдығы - бұқаралық ақпарат құралдарының экономика мен қоғамдық өмірдегі рөлін бағалауға жақсы себеп. Осыған байланысты Назарбаева жаһандық ақпараттық ортаның мемлекеттік шекарамен жақсы түйісе бермейтінін және ұлттық-мәдени егемендікке қатер төндіре беретінін атап өтті.

Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз - мызғымас құндылықтар. Бүгінде оларды қорғау мен дамытуға жұмсалатын күш көрерменнің назары мен сеніміне деген күрес сипатында ғаламдық бақталастық саласына ойысып кетті. Қазіргі әлемде шынайы тәуелсіздік пен егемендік деген ұлттың бәсекеге қабілетті медиа контент құра білуінде екендігіне сенімдімін. Бұл, әрине, барлығымыздың алдымызда тұрған сынақ, соның ішінде Қазақстан үшін де. Соңғы екі жыл адамзатты бұрын-соңды болмаған сынақтармен бетпе-бет келтіруде. Коронавирус пандемиясы, онымен байланысты экономикалық және әлеуметтік катаклизмдер әлемді адам танымастай етіп өзгертті, барлық дерлік заманауи қоғамның, әлеуметтік қорғау жүйесінің және денсаулық саласының тамыры тереңге жайылған мәселелері ашылып қалды. Халықаралық деңгейде мемлекетаралық қатынастардың барлық жүйесінің беріктігі сынға түсіп, тексерілуде, негізгі тәуекел факторы - сенімді жоғалту, - деді Назарбаева.

Оның айтуынша, мемлекетаралық, халықаралық диалог пен сенім механизмдерінің эрозияға ұшырау процесі бұрыннан басталған, бірақ пандемия бұл процесті жеделдетіп, оған жаңа сапа мен жаңа өлшем берді.

Бұл - өте алаңдатарлық құбылыс. Кез келген сенім сөзден, өзара сыйластықтан басталады. Біз қазіргі әлемнің жаңа форматтар мен диалогтың жаңа формаларын іздестіре бастағанын көріп отырмыз, ЕАМФ бұл процеске өзінше үлес қоса алатынына қуаныштымыз. Біздің айтып-талқылайтын мәселелеріміз бар, онда да айырмашылықты емес, конструктивті өзара іс-қимылдың түйісетін нүктелерін іздеу қажет, - деп сөзін қорытындылады ол.

Мәдина Мамырханова, Кәмшат Сатиева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!