Биылғы Х халықаралық «Бастау» кинофестивалінің жүлдесі кімдерге бұйырды

16:02, 4 желтоқсан 2022

© Сурет: pixabay

Алматыда Х халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өз мәресіне жетті. Үздік фильмдер 18 аталым бойынша марапатталды. Олардың қатарында отандық жаңа туындылар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bastau Debuts бағдарламасы бойынша бас жүлдені Боливияның "Утама" фильмі жеңді.

"Хабар 24" хабаралуынша, Азиялық фильмдерді қолдауға бағытталған номинацияда режиссер Өзбекстанның "Монтаж" фильмін үздік болды.

"Бастау" фестивалі президентінің арнайы жүлдесі қырғызстандық "Әңгімеші" фильміне бұйырды.

"Фестивальдің кәсіби деңгейі былтырғымен салыстырғанда өте жоғары. Сол себепті фестиваль ең біріншіден көрермендердің көңілінен шыққан. Латын Америкадан, Африкадан, біраз деңгейі жоғары көркемдікті, кәсіби деңгейі жоғары фильмдер жіберген. "Үздік режиссер" жүлдесін "Плотина" фильмі үшін француз Али Черри иеленсе, актерлік шеберлік номинацияларын "Автобиография" фильмі үшін индонезиялық Арсвенди Бенинг Свара және "1976" картинасындағы чилилік Алин Куппенгайм жеңіп алды". Жоба авторы Сергей Азимов

Ал фестивальдің ең үздік қысқаметражды көркем фильмі жүлдесін қазақстандық режиссер Роман Черниковтың "Нина" фильмі алды.

"Фильмнің алғашқы жүлдесін өз отанымызда алғанымыз үлкен мәртебе болды. Жаңа туындыны көрермен назарына ұсынуға мүмкіндік берген "Бастау" кинофестиваліне алғысымыз шексіз". "Нина" фильмінің продюсері Мира Шапаева

Биыл мерейтойлық фестивальге дүниежүзінің 40-тан астам елінен 60-қа жуық фильм қатысқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!