Биыл Жер дауы тағы бұрқ етейін деп тұр еді – болмай қалды

16:28, 25 ақпан 2021
514

© Сурет: bbc.com

Бұған дейін біздің үкімет ақша тауып, инвестиция тарту үшін жерді сату туралы шешімге келген. Бірақ бұған қазақ халқы қарсы шықты, "Жерді сатқаның – Отаныңды сатқаның" деп. Сол кезде көтерілген халыққа қарсы шығуға батпаған билік Жер мәселесіне мораторий енгізіп қойған. Ендеше, Мемлекет жерді шетелдіктерге сату ниетінен бас тартпағанын көреміз. Лоббистер үмітін жоғалтпаған еді, деп жазды желіде Мұрат Әбенов.

Биыл, 2021 жылы әлгі 5 жылдық мораторий мерзімі аяқталады. Жер дауы қайтадан бұрқ етейін деп тұр еді. Өйткені үкімет нақты әрекет жасамады, Қазақстандағы ірі жер иеленушілердің кім екені сол күйі ашылмады, шетелдік банктерде жүздеген мың гектар жерлер кепілдікте тұрғанын ешкімге айтқызбай қойды, дейді Әбенов жазбасында.

Бүгін Президент Тоқаев тым сирек қолданылатын Президенттің заң шығару бастамасы құқығын пайдаланып, жерді шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға сатуға, жалға беруге тыйым салатын заң әзірлеуді тапсырды. Енді лоббистердің халықты алдап соғуына, билікке қысым жасауына жол беретін бір түйір мүмкіндік қалдырмау қажет. Бізде ірі латифундистердің шағын тобы бар, олардың пиғылы – жерді шетелдіктердің жеке меншігіне жаздыртып қойып, сосын оны Қазақстан азаматтарына жалға беріп отыру.

Бүгін Тоқаев бір күндік саяси пайдасын емес, Қазақстанның болашағын ойлайтын мемлекеттік қайраткер екенін көрсетті, деп қосып қойды Әбенов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!