Биыл елімізде жалпы ішкі өнім көрсеткіші артқан

11:57, 17 сәуір 2018

Биыл елімізде жалпы ішкі өнім көлемі 4,1 пайызды құрады. Демек өткен жылмен салыстырғанда жарты пайызға өсім бар, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Оған өнеркәсіп, ауылшаруашылығы мен қызмет көрсету салаларының даму қарқыны тікелей әсер етті. Әсіресе қағаз өндірісі, химия және фармацевтика өнеркәсібі салалары қарқын алған.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы уақытта халықтың тұтынушылық сұранысы артып, қызмет көрсету саласы шамамен 4 пайызға көбейген.

Ел экономикасына құйылған инвестиция көлемі 40 пайызға артты. Оған Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылуы да септігін тигізген.

Министр өз баяндамасында жалақының көтерілуі жайлы да айтып өтті. Оның хабарлауынша, жыл басынан бері орташа еңбекақы көлемі 153 мың теңгеден асты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!