Бітімгершілік даярлық орталығында Франция әскери атташесімен кездесу өтті

Екі жақты ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік даярлық орталығында Француз Республикасының әскери атташесімен кездесу өтті, оның барысында қазақстандық бітімгершілердің француз тілін үйрен мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Mail.KZ.
Екі жақты ынтымақтастық шеңберінде Қазақстандағы Франция елшілігі жанындағы Француз Республикасының әскери атташесі полковник Жан-Филипп ТардьеҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік даярлық орталығына барды.
Бұл сапар Франция Қарулы Күштері өкілдерінің Бітімгершілік орталығының даярлық жұмыстарымен таныстыру мен екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселерін талқылау үшін ұйымдастырылды.
Францияның әскери атташесі өз кезегінде, кездесуге алғысын білдіріп, Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі еңбегін жоғары бағалады.
Кездесу барысында қазақстандық тарап жек құрамның француз тілін қосымша үйрену мәселесін көтерді, себебі бірқатар елде екінші ресми тіл француз тілі болып саналатын мемлекеттерге БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы жіберілген. Мысалы ретінде Батыс Сахарадағы, Малидағы, Конго Демократиялық Республикасы мен басқа жерлердегі БҰҰ миссияларын келтірді.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:43, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты өзгертілді
-
21:33, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда сауда-ойын сауық орталықтары қалай жұмыс істейді
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
Пікір