Біртановтың үйқамағы ақпанның соңына дейін ұзартылды

16:31, 20 қаңтар 2021
278

Бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамағы төрт айға ұзартылды, деп хабарлады күдіктінің адвокаты Дмитрий Куряченко "Интерфакс-Қазақстанға", деп жазады kursiv.kz.

Кеше сот отырысы өтті, онда Біртановты қамауға алу төрт айға дейін ұзартылды. Ақпан айының аяғына дейін, - деді Куряченко.

Бұған дейін Елжан Біртанов 7 қарашадан бастап үй қамағына алынғаны хабарланған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!