Біртановқа қатысты тағайындалған бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды

16:48, 24 қыркүйек 2021
178

© Сурет: zakon.kz

Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын ұзарту туралы сот шешіміне қарсы шағым түсірді. Сот оның қорғаушыларының өтініштерін қанағаттандырмады, деп хабарлайды zakon.kz.

14 қыркүйекте Біртановты үй қамақта ұстау шарасы тағы екі айға ұзартылды. Бұған тараптардың қылмыстық іс материалдарымен танысып үлгермеуі себеп екені айтылды. Адвокаттар соттың бұл шешімімен келіспей, өз клиентінің бостандығын шектеуге наразылық білдіріп, талап-арыз түсірді.

24 қыркүйектегі апелляциялық сот отырысы белгіленген уақыттан шамамен бір сағатқа кеш басталды.Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұрат Солтыбаев бұл үшін кешірім сұрап, өзінің кешігуін осыған дейінгі сот процестерінің уақыты созылып кетуімен түсіндірді.

Одан кейін Елжан Біртановтың адвокаттары сөз сөйледі. Ал олар - үшеу. Серік Сағалиев Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысының үйқамақта ұстау шарасының екі айға ұзартылуымен келіспейді. Қорғаушы үйқамақ мерзімін ұзартуға ешқандай негіз жоқ екенін айтып, сондықтан судья Ақшабаевтың шешімін жоюды сұрады.

Адвокат Дмитрий Куряченко да өз клиентінің бостандығы негізсіз шектелген деп есептейді. Оның айтуынша, Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартқан судья Ақшабаев заңсыз қаулы шығарды, Конституцияға бағынбады және сот жүйесін өз мүддесі үшін қолданды.

Сізден 14 қыркүйектегі қаулыны заңсыз деп тануды және Біртановты үй қамағынан босатуды сұраймын, - деді Куряченко.

Экс-министрдің тағы бір адвокаты Нұрлан Бейсекеев сот шешімінің күшін жою керектігін атап көрсетті. Оның пікірінше, Біртановқа қатысты басқа бұлтартпау шарасы қолданылуы керек, яғни ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, ол босатылуы тиіс.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі адвокаттарының сөзін қолдайтынын қысқаша қайырды. Прокурор үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы ұйғарымды өзгеріссіз қалдыруды, ал адвокаттардың шағымы қанағаттандырмауды сұрады. Бүкіл процесс шамамен бір сағатқа созылды, содан кейін судья кеңесу бөлмесіне кетті.

Тергеу сотының 2021 жылғы 14 қыркүйектегі сот процесі кезінде материалдармен танысу кезеңінде үй қамақта ұстау мерзімін екі айға ұзарту туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылсын, -деді қайта оралған судья Мұрат Солтыбаев.

Айта кетелік, Елжан Біртановты үйқамақта ұстау 2020 жылдың қарашасынан бері жалғасып келеді. Ол елдің денсаулық саласын басқарған тұста орынбасары Олжас Әбішевпен жалған ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосты, осылайша, мемлекетке залал келтірді, сондай-ақ санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатта пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір