Біртанов карантин кезіндегі митингі туралы: Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз

18:12, 4 маусым 2020
451

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантин кезеңіндегі митингілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, пандемия кезінде жаппай шаралар өткізуге тыйым салынады.

- Бұл халық үшін қауіпті. Заң талаптарын орындау қажет. Пандемия кезінде бас дәрігердің шешімі міндетті болып табылады. Оларды бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Сондықтан мен митингі ұйымдастырушыларды індеттің беті қайтқанша күте тұруға шақырамын, - деді министр.

Министр мұндай жағдайда инфекцияның өршуі мүмкін екенін айтты.

Сондықтан біз оған үзілді-кесілді қарсымыз. Барлығы заңда жазылған талаптарды қатаң сақтауы керек, - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!