Біртанов экспресс-тесттен өту шарттарын түсіндірді

21:50, 2 сәуір 2020
328

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату лицензияланған қызмет түрі болып табылады, сондықтан Интернеттегі жарнамаларда коронавирус инфекциясына арналған тесттерді сату заңсыз, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов zakon.kz сайтына берген сұқбатында.

"Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату лицензияланған қызмет түрі болып табылады. Бұл - заңсыз. Бұл тестті жүргізу медициналық жағдайды қажет етеді. Тазалықты, стирильділікті талап етеді. Сондықтан бұл заңсыз", - деді Біртанов.

Ол тек лицензияланған медициналық ұйымдар, меншік түріне қарамастан коронавирусты тексеруге болатындығын айтты.

Алайда, министрдің айтуынша, бұл мәселедегі ең бастысы - егер тест оң нәтиже берсе, адам медициналық мекемеге бұл туралы хабарлауы керек.

"Біздің қатаң талабымыз бар. Барлық қызметкерлер мен тесттен өтуші адамдар алдын-ала онлайн режиміне тіркеліп, нәтижелерін осы жүйеге енгізіп, тестілеудің оң нәтижелері туралы медициналық ұйымды хабардар етуі керек. Адам тікелей үйіне барып, өзін-өзі оқшаулауы тиіс. Немесе медициналық ұйымға хабарлассын", - деп сөзін түйіндеді Біртанов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!