Бірқатар министрлік басшылары Қызылорда облысына келді

10:25, 18 қазан 2018

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ғылым вице-министрлері мен комитет басшыларынан құралған Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық ақпараттық-насихаттық тобы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өткізіп, аймақтың әлеуметтік-өндірістік нысандарының жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында ҚР Ішкі істер министрі Қызылорда облысы ІІД-нің "Бірыңғай төтенше қызмет "112" жобасымен танысты. Қызылордада "Смарт Қауіпсіздік" жобасын іске асыру аясында өрт қауіпсіздігі, құтқару қызметі, полиция, жедел жәрдем және авариялық газ бойынша кезекші қызметтерді біріктіретін "112" Бірыңғай төтенше қызметі енгізілуде. "112" қызметінің мониторинг жүйесі барлық кіріс қоңырауларын, сондай-ақ, қаланың электрондық картасы бойынша экипаждарды көрсетеді. Патрульдік жасақ мобильдік қосымшасы бар планшеттермен қамтылған, онда барлық қоңыраулар оқиғаның сипаттамасымен қоса келіп түседі.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ағымдағы жылдың маусым айында ашылған Жалағаш АІІБ әкімшілік ғимаратында болды. АІІБ-ның үш қабатты әкімшілік ғимаратында бақылау-өткізу пункттері, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну кабинеттері бар. Сондай-ақ, кешен қызметкерлерге арналған жатақхана, арнайы мекеме, жауап алу мен тир бөлмелерін қамтиды.

Облыс активімен кездесу барысында Елбасы Жолдауының негізгі міндеттерін іске асыру механизмдері талқыланды.

Ақпараттық топпен кездесуде облыс әкімі Қ.Көшербаев Жолдаудан туындайтын тапсырмалардың аймақта орындалу барысымен таныстырды.

"Мемлекет басшысы әрқашан қазақстандықтарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесіне баса назар аударып келеді. Осы Жолдауда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бұрын қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың жалғасы ретінде әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа бағыттары ұсынылды", - деді аймақ басшысы.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жолдаудың міндеттері бойынша водомстваның атқарған жұмыстары жайлы баяндады.

"Мемлекет басшысы Жолдауында негізгі басымдықтарды айқындап берді. Оның ішінде полиция қызметінің құрылымын жаңғырту, оны жаңа деңгейге көтеру туралы нұсқау берілді. Себебі қоғамдық қауіпсіздік бәрінен де маңызды болып табылады. Қазіргі таңда көп істер атқарылды, бірақ ішкі істер органдарының жұмысында әлі шешілмеген мәселелер бар, сондықтан әлде де атқаратын жұмыстар көп", - деді ҚР Ішкі істер министрі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!