Бір топ Қытай азаматтарының ұшақтан түсіп жатқаны видеоға түсіп қалған. Әкімдік түсінік берді

17:24, 27 қазан 2020
348

Әлеуметтік желіде Қарабатандағы зауытқа бір топ Қытай азаматтарының келіп жатқанын түсіріп алған видео тарауда. Оған қатысты Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Облыстың бас еңбек инспекторының айтуынша, 22 қазанда "CNCEC" (China National Chemical Enginnering Co) компаниясының 124 қытайлық маманы интеграцияланған газ-химия кешенінің I фазасы жобасында жұмыс істеу үшін Нұр-Сұлтаннан Атырауға чартерлік рейспен келген.

Сол күні кешке келген қытайлық жұмысшылар CNCEC вахталық қалашығына қоныстанды. Дәл осы сәтті қазақстандық қызметкерлер видеоға түсіріп, жағымсыз пікір білдірген.

- Аталған факті бойынша CNCEC филиалы және KPI ЖШС (жобаның тапсырыс берушісі) қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бейнежазбаны түсірген адамдармен сөйлесті. Олар бейнежазбаны түсіргенде арам ойымыз болған жоқ деген, - дейді И.Әубәкіров.

Еңбек инспекциясы басқармасы қытайлықтар Қазақстанға іскерлік (жұмыс) виза бойынша келгенін және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу бойынша санатқа жатпайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, интеграцияланған газ-химия кешенінің I кезеңі дегеніміз Қытай Даму Банкінің ақшасына салынып жатқан Қарабатандағы полипропилен өндіретін зауыт, ал CNCEC компаниясы жобаның мердігері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!