Бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 32 адам көз жұмды

09:45, 23 сәуір 2021
277

© Сурет: 24.kz

23 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

23 сәуірдегі жағдай бойынша 40 441 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр (39 943: КВИ + және 498: КВИ-), оның 14 387-сі стационарда, ал 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ- науқастары арасында:
• ауыр жағдайда - 689 науқас,
• өте ауыр дәрежеде - 171 науқас;
• жасанды тыныс алу аппаратында - 97 науқас.

Бір тәулік ішінде 29 қазақстандық коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 3 512 кісі өлімі тіркелді.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәліметтер

2021 жылдың 21 сәуіріндегі жағдай бойынша аурудың 107 жаңа жағдайы тіркелді, оның үшеуі кісі өліміне әкеліп соқты. Емделіп жатқандар арасынан 80 адам сауығып кетті.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген деректер:

Пневмонияға шалдыққандар - 52 255, кісі өлімі - 764, емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 50 993.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!