Бір елдің қариялары биліктен орын бермей әлек

14:53, 2 сәуір 2020
334

Бельгияда 90 жастағы Сюзанна Хойлаэртс есімді әжей коронавирустан көз жұмды. Күнде болып жатқан жағдай ғой әрине, бірақ бұл жолы өзгерек еді. Сюзанна әжейге ИВЛ аппараты ауадай қажет болатын. Алайда ол аппаратты қолданудан бас тартқан, деп жазды желіде Асхат Қасенғали.

"Мен ұзақ та бақытты өмір сүрдім. Аппаратты жастарға беріңдер" депті қария.

Солайша о дүниеге кете барыпты. Бельгияда ИВЛ аппараты жетіспейді. Сондықтан әжей бір жастың өмірін құтқарып қалды деген сөз. Бұл өмірден қартайғанда әдемі кете білу де батырлық қой.

Бір елдің қариялары жастар үшін өмірін беріп жатыр, бір елдің қариялары биліктен орын бермей әлек, - дейді пост авторы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!