BINCLOUD қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар тергеліп жатыр

10:36, 8 тамыз 2022

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

BINCLOUD қаржы пирамидасы WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы елдің ақшалай қаражатын тарта отырып, ұйымдастырылғаны анықталды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

BINCLOUD бағдарламасына сәйкес, жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.

Сонымен қатар клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік BINCLOUD бағдарламасына қатысып, жапа шекккендер болса, Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефонына хабарласуға кеңес берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!