Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің басшысы тағайындалды

16:36, 22 мамыр 2019
304

Анар Абылқасова ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

А. Абылқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "журналист" мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "журналистика магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

2000–2004 жж. — Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, аға оқытушысы.

2004–2009 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, доценті.

2009–2015 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында жұмыс істеді: Хатшылық сарапшысы; Талдау орталығының сектор меңгерушісі, консультанты; Ситуациялық орталықтың сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!