Білім саласында кімдердің жалақысы өседі

17:36, 9 қазан 2018
625

«Педагогтар мәртебесі туралы» жаңа заң аясында мектеп директоры мен оның орынбасарының, сынып жетекшілердің еңбекақыларын өсіру қарастырылып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2019 жылдан бастап білім саласына жұмсалатын шығыстарды ұлғайту қарастырылып отыр. 2023 жылға қарай білім саласына бөлінетін шығындар айтарлықтай көбейеді. Бізге бөлінетін қосымша қаржы аясында 2019 жылдан бастап тәрбиешілердің, әдістемешілердің, балабақша меңгерушілерінің еңбекақысы өсетін болады. Педагогтар мәртебесі туралы заң жобасының аясында мектеп директорының, оның орынбасарының, сондай-ақ сынып жетекшінің жалақысын көбейту жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді вице-министр.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті халыққа Жолдауында «Педагогтар мәртебесі туралы» заң қабылдауды тапсырған болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!