Білім министрлігін шулатқан Анар Қайырбекова жаңа қызметке тағайындалды

17:57, 21 қазан 2019

ҚР Білім және ғылым министрлігі шенеуніктерін сыбайлас жемқорлыққа байланысы бар деп айыптаған осы министрліктің Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алулар департаментінің бұрынғы директоры Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов растады.

- Қойылатын тиісті біліктілік талаптары бар, жасалуы тиісті рәсімдері тағы бар. Егер соның бәріне сай келсе, онда белгілі бір шешімдер қабылданады. Бұл жағдайда шешім қабылданды, мен оны растаймын, - деді Аймағамбетов ОКҚ-да өткен брифингте.

Осы жылдың жазында Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы министрлікте жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың ең басында тұрған адам деп мәлімдеген. Кейін Арын Орсариев бұл айыптауға жауап беруге мәжбүр болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!