Білім министрлігі оқу жылындағы демалыс күндерін белгіледі

09:48, 19 тамыз 2019

Білім министрлігі оқу жылындағы демалыс күндерін белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ 2019 жылғы 29 шілдедегі "Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылындағы каникул кезеңдерінің басталуы мен ұзақтығын белгілеу туралы" №337 бұйрығына сай:

1) 2019 - 2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;

2) 1 сыныптар үшін оқу жылының ұзақтығы – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптар үшін - 34 оқу аптасы.;

- күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаға дейін (7 күн);
- қысқы - 30 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарға дейін (10 күн);
- көктемгі - 21 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін (13 күн).

1 сыныптарда қосымша каникул – 3 - 9 ақпан аралығында (7 күн).

Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!