Білім министрлігі «Астана» университетін сотқа берді

17:45, 20 ақпан 2020
417

"Астана" университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің тексеру жұмыстарына кедергі жасап, қажетті құжаттарды ұсынбады. Осыған байланысты лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып.

"Лауазымды тұлғаларға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде кедергі жасау фактісі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта тиісті материалдар соттың қарауына жіберілді" делінген хабарламада.

2019 жылы "Астана" университеті білім беру жұмыстарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша жоғары дәрежеге ие болды. Осыған байланысты университет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілді.

"Биыл 12 ақпанында ҚР БҒМ тарапынан университетке профилактикалық бақылау жүргізу туралы хабарлама жіберілді. Келесі күні тиісті акт ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тіркелді. 17 ақпанда Университет Комиссияға жоғарғы оқу орнына кедергісіз кіруді қамтамасыз етіп, бақылау нысанына сәйкес қажетті құжаттарды немесе олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті болды. Алайда, "Астана" университеті ҚР Қылмыстық кодексінің 155-бабының 2-тармағының бірінші және екінші тармақшаларын бұзып, Комиссияға тиісті құжаттарды ұсынбады" делінген баспасөз баянында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!