Білім министрі қамақтағы Суханбердиева туралы ештеңе айта алмады

12:50, 11 маусым 2019

Тергеу аяқталғанға дейін білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты бұқараға арналған мәлімдеме жасалмайды. Бұл туралы үкіметте ҚР БҒМ басшысы Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін мен ештеңе айта алмаймын, өйткені ол тергеуге қысым жасау деп қабылдануы мүмкін. Сондықтан біз ешқандай түсініктеме бермейміз, – деді Шәмшидинова.

Ол вице-министрдің қамауға алынуы мен Ұлттық тестілеу орталығы ісі арасындағы байланыс туралы да еш ақпарат бере алмады.

– Баспасөзде жарияланған ақпараттарды ғана білемін. Бұл туралы басқа ештеңе айтылмады. Тергеу жүріп жатқандықтан біз әзірге ештеңе білмейміз, – деп қосты ол.

6 маусымда ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!