Биліктегілер «Абайтану» оқулығын мектеп пен ЖОО бағдарламасына енгізбек
Алдағы уақытта мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Қазір ол дайындалып жатыр. Бұл туралы жақында ашылған "Abai tv" телеарнасының "Сарасөз" бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ.
Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгерінің 175 жылдығын дүркіретіп тойлау жоспарда бар еді. Алайда эпидемиологиялық ахуалға орай мерейтойды өткізу мүмкін болмады. Карантин салдарынан халық қатысуы тиіс шаралар қысқарғанымен, тойдың мазмұнды өтуіне кедергі емес.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Ең негізгі мәселе, Абайдың шығармаларын дүниежүзіндегі өркениетті елдердің 10 тіліне аударып шығардық. Абайтану оқулығы мен хрестоматиясы дайындалып жатыр. ЖОО-ның филология, тарих факультеттеріне міндетті түрде енеді.
Сондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде Абайдың арнайы орталықтары ашылады. Елімізде де бұл жұмыс бір жүйеге келіп, ғылыми-зерттеу институты құрылды.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
ЕҰУ-да Абай академиясының ғылыми-зерттеу институтын құрдық. Өйткені, абайтанумен айналысатын ғылыми орталықтар көп. Бірақ бір жүйеге келмеген. Бір жерде болсын деп Абай академиясының ғылыми-зертту институтын құрғанымыз сол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
20:48, 23 сәуір 2024
Алматы облысындағы табиғи өрт төрт күннен бері сөндіріліп жатыр
-
20:11, 23 сәуір 2024
Найзағай, жауын-шашын: барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды