Биатлоннан әлем чемпионы Альпі тауында жоғалып кеткен

15:55, 24 қыркүйек 2022
147

© Сурет: Instagram/gabrielakoukalova

Биатлоннан екі дүркін әлем чемпионы, чех спортшысы Габриэла Коукалова Италиядағы Альпі тауына велосипедпен серуендеуге шығып, жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

La Provincia di Sondrio басылымының жазуынша, 32 жастағы спортшы Ливиньо қаласынан тауға қарай велосипедпен бет алып, содан жоғалған. Ол құтқарушыларға қоңырау шалып, шамамен орналасқан жерін айтып үлгерген. Ал одан кейін онымен хабарласу мүмкін болмады, соған қарағанда телефон қуаты таусылған.

Құтқару операциясы бірден басталды. Биатлоншы 2 270 метр биіктіктен табылды. Спортшыға бір күн тауда түнеуге тура келді.

Коукалова 2019 жылдың мамыр айында спортпен қош айтысқан. Ол 2015/2016 жылғы маусымдағы басты турнир — "Үлкен кристальды глобустың" иегері. Оның активінде Сочи Олимпиадасының екі күміс медалі, сондай-ақ аралас эстафетада 2015 жылғы Әлем Чемпионатында және спринтте 2017 жылғы жеңістері де бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!