BI Marathon 2019 өз мәресіне жетті

13:10, 27 мамыр 2019
661

Астанада төртінші қайырымдылық BI Marathon өтті, оған бүкіл Қазақстаннан 7,6 мыңнан астам жүгіруші, сондай-ақ 29 елдің өкілдері қатысты. Биылғы жылы марафон трассасы Халықаралық сертификаттаудан өткенін атап өткен жөн. Осылайша, BI Marathon корпоративтік жүгіруден ірі халықаралық спорттық оқиғаға дейін өсіп отыр.

– Халықаралық сертификаттаудан өткеннен кейін күткен біздің үмітіміз ақталды, - деп атап өтті марафонның спорт директоры Алексей Сидоренко. – Биылғы жылы алыс және жақын шетелдерден 250-ге жуық қатысушы келді, бірақ халықаралық күнтізбеге қосылудың айтарлықтай әсерін келесі жылы сеземіз. Шетелдік марафоншылар әсіресе жылдам әрі тегіс трассаларда жүгіруді қалайды, ал біздің трасса нағыз осы марафоншылар үшін.

Ол сондай-ақ, жеңімпаздардың жоғары нәтиже көрсеткенін, ал қашықтықтардағы жарыстың өте тартысты өткенін атап өтті. Әрине, марафон трассасы техникалық тұрғыдан мұқият ойластырылған.

- Біздің трассада көптеген қатысушылар өздерінің жеке рекордтарын көрсете алды, - дейді Алексей Сидоренко.

Биылғы жылы марафон бағыты елордамыздың ең көрікті жерлері арқылы өтті, бұл ретте ұйымдастырушылар, марафон трассасын қалалықтарға, көше қозғалысына кедергі келтірмесі үшін барынша ыңғайлы етіп жасады.

Сонымен қатар, оның пікірінше қатысушылар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді:

- Бәлкім кешегі ауа-райы біреуді қорқытқан шығар, содан кейбір жүгірушілер стартқа келмеді деп ойлаймыз, - деді ол.

Жарысқа қатысқандардың ең үлкені – 75 жаста, Талғат Жармұхаметов пен Дина Жандарбекова. Олар BI Marathon-ның ақпараттық серіктесі Qazsport телеарнасының және ұйымдастырушыларының құрмет грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Ардагер спортшыларға бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін және жастарға үлгі көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді. Дина Жандарбекова Қазақ технология және бизнес университетінде дәріс береді, атап айтқанда, ол студенттерге белсенді өмір салтын қалай жүргізу керектігін үлгі ретінде көрсеткісі келетінін айтты.

Талғат Жармұхаметов марафонға Оралдан арнайы келген: "Мен күн сайын Орал жағалауында жүгіремін. Спортпен жастайымнан айналысамын. Ұлтымыздың, Қазақстан халқының дені сау болғанын тілеймін! Жүгіру - бұл күш пен денсаулық!".

Тағы бір жасы үлкен қатысушыларымыздың бірі 72 жастағы Марат Балтабаев. Марат Шәріпұлы үшін BI Marathon 74-ші марафон! "Ауа райы – нағыз марафонға арналғандай. Өзімді жақсы сезіндім. Енді өзімнің мерейтойлық 75-ші қашықтығыма дайындаламын!".

Бұл марафон спорттық жетістіктерімен қатар тұрмысқа шығу туралы ұсыныспен де есте қалды. Арман Тілемісов пен Рүстем Әділбаев есімді екі жас жігіт жарысты сәтті аяқтаған соң, 42.2 және 21,1 шақырымды бірге жүгірген сүйікті жұптарына сезімдерін білдірді. Қуанышымызға орай, мұндай ұсынысты күтпеген жұптары, келісімдерін берді.

21,1 км және 42,2 км қашықтықтарының жеңімпаздары

21,1 км, абсолюттік жүлдегерлер:

Ерлер :

1) Zeinollaev Kudaibergen – 1:13:45

2) Сейдалы Абдулазизов – 1:16:15

3) Дмитрий Адамович – 1:17:29

Әйелдер:

1) Дарья Старостина – 1:33:54

2) Гульмира Аменова – 1:37:10

3) Юлия Макарчук – 1:38:58

42,2 км, абсолюттік жүлдегерлер:

Ерлер:

1) Базарбай Дауталиев – 2:34:19

2) Еркебай Аким – 2:35:11

3) Quanish Aubakirov – 2:43:15

Әйелдер:

1) Жанерке Нурбайкызы – 3:43:13

2) Айша Маукембаева – 3:53:23

3) Елена Пономарева – 3:53:33


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!