Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

11:44, 20 тамыз 2019
313

Қазақстан Президенті Бердібек Сапарбаевты ҚР Премьер-министрінің орынбасары ретінде тағайындаған Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын, - делінген Жарлықта.

Алдында Мәжілісте ҚР Премьер-министрінің орынбасары кандидатурасы алдын ала анықталған еді.

- Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің отырысы өтті. Онда Бердібек Сапарбаевтың ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындаудағы кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңының 22-бабы, 1-тармағына сәйкес комитет отырысында қаралды. Қазақстан Премьер-министрінің тапсырмасымен Сапарбаевтың кандидатурасын ҚР Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев ұсынды. Ол Сапарбаевтың мол тәжірибесі мен жоғары кәсіби білігін ерекше атап өтті.

Комитет отырысы қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды. Сөйтіп ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңының 22-бабының 1-тармағына сәйкес, Премьер-министр ұсынған Сапарбаев Бердібек Машбекұлының кандидатурасын қарап, оны ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп шешті. Депутаттар сенім білдірілген кандидаттың болашақ жұмысына табыс тіледі - делінеді Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осылайша Сапарбаев басқа жұмысқа ауысқан Әбдіхалықованың орнын басты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!