Бензин тағы қымбаттай ма - «ҚазМұнайГаз» желіде тарап кеткен хатқа байланысты түсінік берді

13:39, 28 қаңтар 2020
449

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ желіде тарап кеткен компания хатына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Желіде тараған компания хатында "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС 2020 жылдың аяғына дейін талон жүйесімен берілетін мұнай өнімдерін жеткізуге дайын екендігі туралы айтылады.

 

"ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС жанар-жағармай өнімдерін қарапайым тұрғындар мен ұйымдарға сату үшін нарыққа шығарумен айналыспайды. Желіде таралған интернет-хатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 - "Мұнай өнімдерін жеткізудің бірыңғай операторын айқындау туралы" қаулысына сәйкес міндеттемелерді орындау мақсатына арналған. Мұндағы баға жыл соңына дейінгі бағаны тіркеп, белгілеген және оны есептеуде бағаның құбылу ықтимал тәуекелдері де қарастырылған, - деп атап өтті "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!