Бензин құйып, иттің күшігін өртегендерді полиция іздеуге кірісті

09:24, 5 маусым 2020
417

Алматы облысында бір топ жігіт күшікті тірідей өртеді. Ол аздай, сол әрекеттің видеосы әлеуметтік желілірге тарап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға Алакөл ауданының Қабанбай ауылында болған сияқты.

Алматы облысының полиция департаменті аталған деректі ҚР ҚК 316 бабы, 2-бөлімімен (Жануарларға қатыгездiк жасау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеді.

Күдіктілерді анықтау басталды. Полиция департаменті кінәлілерді міндетті түрде жазалайын деп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!