Бекзат Бекназаров Зеленскийді Қазақстанның құттықтады

12:07, 21 мамыр 2019

2019 жылғы 20 мамырда Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиыннан кейінгі кездесуде Б.Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен барша Қазақстан халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастарға қарқын беру жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!