Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

11:26, 28 шілде 2021
5880

© Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын.

Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.

Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!