Бекшиннің шешіміне қатысты сотқа жүгінген заңгердің арызы қанағаттандырылмады

17:47, 25 маусым 2020

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантинді сақтау туралы шешіміне қарсы талап арызды қалалық сот қабыл алмады. Оның себебі дауды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталмағанына байланысты деп түсіндірілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Медеу соты Алматыдағы карантиннің заңсыздығы туралы шағым-арызды кері қайтарды. Ең алдымен, Денсаулық сақтау министрлігіне, содан кейін сотқа шағымдануыңыз керек делінген онда. Ал заңда ондай нәрсе жоқ. Бізде мемлекеттік органдардың үстінен тікелей сотқа шағымданған миллиондаған арыз бар, ал соттар әрдайым оларды қанағаттандырады, - деп жазды адвокат Жангелді Сүлейманов Facebook-тегі парақшасында.

Арызданушылар сот талап-арызды қабылдамауға тырысады деген оймен, алдын ала екі рет төлем жасаған. Алайда сот оны да қабылдаған жоқ, деп қосты адвокат.

Алматы қалалық соты өтінішті кері қайтарылғанын растады.

Арыз қайтарылды, дауды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталмаған, - дейді олар.

Бұған дейін адвокат Жангелді Сүлейманов бастаған жүзге жуық адам қаланың бас дәрігерінің Алматыдағы карантин шараларын сақтау туралы шешіміне қарсы сотқа арызданған. Сотта бұл құжат азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзады деп көрсетілген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!