Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

08:37, 29 қаңтар 2020
297

Алматы әуежайында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты өкпе тромбоэмболиясыиан қайтыс болды. Бұл туралы блогер Денис Кривошеев жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, ол кісі 21 қаңтарда денсаулығы тұрақты жағдайда қалалық №4 ауруханадан шығарылған. Емхана дәрігерлерінің бақылауында болған.

- Кеше сағат 18.00-де жағдайы күрт нашарлады деген қоңырау келіп түсті. Жедел жәрдем тез арада келгенімен, науқастың жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық іс-шаралар нәтиже берген жоқ, - деп хабарлады басқармадан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!