Bek Air: Екінші ұшқыштың қайтыс болу фактісі бойынша медициналық сараптама жүргізіледі

12:13, 29 қаңтар 2020

ҚР Парламент Мәжілісі қабырғасында сұқбат берген ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Bek Air-дің екінші ұшқышы Марат Мұратбаевтың қайтыс болу фактісі бойынша соттық-медициналық сараптама жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Кез келген өлім фактісі тіркелгенде оған сот-медициналық тексеру тағайындалады, - деді Қожаев.

Сонымен бірге ол өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталатынын айтты.

- Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жағдайда өлімге апат кезінде алған жарақаттар себеп болмаған. Мүмкін, мәселе оның денсаулығында шығар, бірақ оны 30 күнді алатын сот-медициналық сараптамасы анықтайды, - деді ҚР ІІМ басшысының орынбасары.

Айта кетсек, Bek Air-дің екінші ұшқышы 21 қаңтарда денсаулығы тұрақты жағдайда қалалық №4 ауруханадан шығарылған. Ол емхана дәрігерлерінің бақылауында болған. Ал кеше кешкісін ол көз жұмды.

- Кеше сағат 18.00-де жағдайы күрт нашарлады деген қоңырау келіп түсті. Жедел жәрдем тез арада келгенімен, науқастың жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық іс-шаралар нәтиже берген жоқ, - деп хабарлады қалалық денсаулық басқармасындағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!