«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

18:48, 26 қараша 2020

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Холдингтің бірқатар маңызды құжаттары, оның ішінде 2021 жылға арналған жылдық бюджет, түзетілген бесжылдық Даму жоспары және Орнықты даму саласындағы саясат бекітілді.

Бекітуге ұсынылған 2023 жылға дейінгі даму жоспары өзектендірілді және түзетілді, оның ішінде Холдингтің тұрғын үй блогын қайта ұйымдастыруға, қаржы-шаруашылық қызметтің болжамдарын өзектендіруге және 2021 жылға арналған жылдық бюджетті бекітуге байланысты.

Директорлар кеңесінің мүшелері "Бәйтерек" холдингінің тұрақты даму саласындағы саясатын да бекітті. Онда Холдинг орнықты даму саласындағы басқару жүйесін құруда ұстануға тиіс негізгі нормалар, қағидаттар мен тәсілдер бар. Бұдан басқа, құжат Холдингтің орнықты даму саласындағы қызметтің орнықты экономикалық дамуға жәрдемдесу, жауапты еңбек және іскерлік практика, өзінің экологиялық әсерін басқару сияқты бағыттарын бекітеді.

Сонымен қатар, отырыста Холдингтің еншілес ұйымы – "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясының 2019 жылғы қызметінің нәтижелері қаралды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша KazakhExport қабылдаған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 97,1 млрд теңгені құрады, 2019 жылы 42 экспорттаушы алғаш рет еншілес ұйымның қолдауына ие болды. Компания активтері 88,2 млрд теңгені құрап, 2,36 млрд теңге көлемінде таза табыс алынды.

Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне Холдингтің Ішкі аудит қызметінің 2020 жылғы III тоқсандағы есебі, 2020 жылғы III тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебі, сондай-ақ Холдингтің Директорлар кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары енгізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!