Бейсенбі күні республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

09:30, 18 қазан 2018
411

РМК «Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында18 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау жасайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!