Бейсенбі күні елімізде тұман, көктайғақ және боран болады

10:16, 6 желтоқсан 2018

Республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!