Бейсен Құранбектің 5 жыл бұрынғы сұхбаты екен

18:49, 18 мамыр 2020
159

Экранға шыққанда-ақ ақ жүзінен нұры төгіліп тұратын. Қағазға жазылған қызыл сөзге еш құмарлығы жоқ, эфирдің нағыз тізгіншісі бола білді. Әрбір ойы тазалыққа, сөзі шындыққа тұнып тұратын еді. Жүректен шыққан сөздері миллиондаған жүректерден пана тапты. Халқы оны сол үшін сүйді, деді желіде әріптесі Ертай Нүсіпжанов.

Миллиондаған көрерменнің мыңдаған тағдырын жүрегінен өткізіп отырды. Қайғысымен бөлісіп, жақсылығы болса оған да шын қуана білді.

Ол қазақ журналистикасының қара нары. Экранның жып-жылы бейнесі болды. Өмірден күдер үзіп, тағдырдан жапа шеккен талай көрерменнің үміті еді...

Бет-бейнесі де сымбатты, адам тартарлық бітімі болды.

Пенденің жаназасын оқығанда имам "Қандай адам еді?" деп сұрайды. Сонда, жиналған жамағат "Жақсы адам" деп жамырайды ғой. Біз де сенің соңыңнан жақсылығыңды айтып жамыраудан жалықпаймыз! Жақсылығыңа куәлік етеміз! Күллі қазақ бауырларың Алладан сені шексіз-шетсіз мейіріміне бөлеуін сұрайды. Қасиеті артық оразада Аллаға қайттың. Жаратқан жаныңды жәннатпен сүйіншілейді деп кәміл сенеміз! Бақұл бол, аға, бауыр, әріптес!


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір