Бейнеу ауданында күндізгі ауысымдағы оқушылар онлайн оқуға көшті

17:29, 24 қыркүйек 2021

© Сурет: instagram.com / beineu_akimdigi

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында шаңды дауыл тұрып, табиғатты мінез танытуына байланысты облыс әкімдігі өңір тұрғындары мен қонақтарына үндеу жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Lada.kz жазғандай, Бейнеу өңірінде ауа-райының күрт нашарлап, шаңды дауыл тұруына байланысты күндізгі ауысымда оқитын 8 451 оқушы үшін сабақ тоқтатылды.

Мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті. Оқушылардың үйлерінен шықпауын қадағалаңыздар. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты полиция экипаждары күшейтілген кесте бойынша жұмысқа кірісті, делінген Бейнеу ауданы әкімдігінің ресми хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!