Бейнебақылау камераларын ұрлаған Жамбыл облысының екі тұрғыны ұсталды

17:54, 22 ақпан 2018

Жамбыл облысы Шу станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Шу теміржол станциясының жаяу жүргіншілер көпіріндегі екі бейнебақылау камерасын ұрлаған Жамбыл облысының 1995-1996 жылы туған екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Келтірілген шығын көлемі 262 000 теңгені құрады.

Күдіктілер кінәларын толық мойындады. Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді және қылмыстық іс сотқа жолданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!