Баян Мақсатқызы әже атанды

11:21, 18 қаңтар 2022

© Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy

18 қаңтар күні продюсер Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Бақытбек тұңғышын дүниеге алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"Бүгінгі түн ұзақ болды, менің қызым ана атанды. Өмірге сұлу қыз келді! Анасының да, сәбидің де жағдайы жақсы. Біз бақыттымыз", – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Сәбиге қандай ат қойылғаны әлі белгісіз.

Баян Мақсатқызының оқырмандары оны әже атануымен құттықтап жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!