Баян Алагөзованың отбасы тағы бір жанмен толықты

13:59, 29 қараша 2024

© Сурет: Instagram/aissaulebakytbek

Блогер, қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек үшінші рет ана атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қуанышты хабармен Instagram желісінде Баян Алагөзованың өзі бөлісті.

"Бақыт! Бақыт! Бақыт! Менің қызым үшінші рет ана атанды! Біз қызды болдық!",- деп жазба қалдырды.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек пен Әлішер Қайдаров 2019 жылдың наурыз айында шаңырақ көтерді. Қазір олар үш қыздың ата-анасы.

Ал, Баян Алагөзованың өзі 2024 жылдың жазында көпбалалы ана атанды. 5 тамызда ол үшінші рет ана болғанын хабарлады. Нәрестеге Алиса есімі берілді. Ал 2024 жылдың 19 тамызында продюсер төртінші қызы Алманың дүниеге келгенін мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!