Батыс Қазақстанның білім саласы тағы бір жемқорға азайды

09:54, 22 қаңтар 2020

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық үшін күдікті болып танылған "Шыңғырлау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б.Сапаровқа қатысты тергеу жүргізген, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол орындалған жұмыстың актісіне қол қою үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 690 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермелегені және алаяқтығы үшін күдікті болып танылған.

А.ж. 21 қаңтарында Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен А.Б.Сапаров алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!