Батыс Қазақстанда кәсіпкерді отбасымен бірге өлтіріп кетті

11:47, 15 қаңтар 2020

Қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы, Янайкино ауылында 14 қаңтарда кешке болған. Ауылдың шетіндегі жеке үйде өрт шықты. Оқиға орнына жеткен шұғыл қызмет өкілдері үйге кіре берісте пышақталған үш адамның денесін тапты, деп хабарлайды "Мой город".

Кейін белгілі болғандай, қаза тапқан ауыл тұрғындары 66 жастағы Александр Запромётов, оның 65 жастағы әйелі мен 1977 жылғы ұлы болып шықты.

Александр Запромётов 1987 жылдан бастап Янайкино совхозын басқарды. Кейін ол "Лесное" ЖШС-ын құрып, мал шаруашылығымен айналысқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!