Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
© Фото: zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
2025 жылғы 14 қараша сағат 19:30-да
- "Атырау-Орал" автожолының 372-492-шақырым аралығындағы учаскесінде ( Чапай ауылынан Орал қаласына дейін) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына;
- "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым ө/п)" автожолының 195-246-шақырым аралығындағы учаскесінде ( РФ шекарасы Сырым ө/п - Орал қ. МАИ бекеті) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолдарды 2025 жылғы 15 қараша сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланып отыр.
Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертті.
Еске салайық, бұған дейін 15 қарашада елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:09, 7 желтоқсан 2025
Батырхан Төлеуғали таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
17:45, 6 желтоқсан 2025
«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
16:30, 6 желтоқсан 2025
Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ





