Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

16:54, 18 қаңтар 2022

© Сурет: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімінің 2021 жылдың 30 желтоқсандағы қаулысымен әкім орынбасары Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев ҚР заңының 59-бабы, 4-5-тармағының негізінде қызметінен босатылды.БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, Аманжол Алпысбаев 2011 жылы жеке секторда жұмыс істеп жүріп бір ЖШС-нің басшысы ретінде тіркелген. Бірақ Алпысбаев онда бір күн де жұмыс істемеген, сәйкесінше кірісі де болмаған.

Жұмыс істемеген болса да, оның деректері әділет органдарының базасында қалған. Мұндай жағдай мемлекеттік қызметке сәйкес келмейтін болып шықты.БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Аманжол Алпысбаев БҚО әкімінің орынбасары қызметіне 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған. Ол сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы стратегиялық жоспарлау мәселелерін, сонымен қатар тарифтік саясат, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, сатып алулар, табиғатты басқару, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне жетекшілік етті.

"Мой город" порталының мәліметінше, Аманжол Алпысбаев 2021 жылдың маусымында "Мемлекеттік қызмет туралы заңды" бұзды деген күдікке ілінген.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, БҚО әкімінің орынбасары мемлекеттік қызметкер бола тұрып, "Самұрық Гидро" ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директоры қызметін атқарған. Басқарма облыс әкімдігіне әкім орынбасарының қызметінен кетуі керек екені туралы ұсыныс жолдады.

Аманжол Алпысбаевтың өзі келіспей, төрт рет сотқа шағым түсірді. Бірақ сот оған қарсы шешім шығарды. Шағымдар кассациялық сотта да қанағаттандырылмады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!