Батталовтың 60 жастағы орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды
Талдықорғанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Серікжан Ислямұлы 60 жаста еді. Ол өңірдің ауыл шаруашылығына жауап беретін.
Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы екі өкпенің қабынуынан мезгілсіз көз жұмды. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, - деп жазды facebook-те өңір әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Серікжан Бескемпіров 1960 жылы 1 қаңтарда туған, отабысылы, екі баласы бар.
Әр жылдары Үштөбе ет комбинатының аға мастері, механигі, "Темірлан" ЖШС директоры болып жұмыс істеген. Талдықорған әкімі аппаратының бөлім бастығы, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Текелі әкімі болған. Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін 2012 жылдың маусымынан бері атқарып келген.
Бүгін таңертең Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те қайтыс болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:32, 19 сәуір 2024
Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар жаңаша қабылдануда
-
17:17, 19 сәуір 2024
Алматы облысында полицейді жаралаған тиран еркек оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды
-
17:05, 19 сәуір 2024
Бишімбаевтың ісі: судья Құлбаева мәлімдеме жасады
-
17:03, 19 сәуір 2024
Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті
-
16:32, 19 сәуір 2024
Астанада Манас ескерткіші салтанатты түрде ашылды