Басы дауға қалған ШҚО-дағы шенді жұмыстан босатылуы мүмкін

13:42, 9 сәуір 2021
324

© Сурет: gov.kz

9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті, онда іс-әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырған Мәдениет басқармасының бастығы Мирас Жұмағұловқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыста әдеп жөніндегі кеңес Мирас Жұмағұловты мемлекеттік қызметкердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босату туралы ШҚО әкімінің ұсынысын талқылау үшін ортаға тастады. Кеңес мүшелері бірауыздан келісіп, сөзге келместен, шешімді қолдады.

Айта кетсек, 30 наурызда басқарма басшысы караоке клубқа барып, қызбен танысқан. Түнде шендінің үйінің алдында ұрыс-керіс болған, қыз полицияға қоңырау шалу үшін қолына телефон алғанда, оны жігіт тартып алған. Полицияны көршілері шақырған. Кейіннен ұрыс-керіске қатысты екеуге әкімшілік хаттама толтырылғаны белгілі болды.

Әдеп жөніндегі кеңес тәрітіптік істі қарау нәтижесі бойынша Мирас Жұмағұловты атқарып отырған қызметінен босату туралы тәртіптік жазаға тарту жөнінде Шығыс Қазақстан облысы әкіміне ұсыныс жасады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір