Басбұзарлар Байқоңыр тұрғынын ұрлап әкетіп, кепіл ақша талап еткен

17:37, 6 тамыз 2020

Байқоңырда бір топ қылмыскер ер адамды ұрлап әкетіп, кепіл ақша сұраған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасының мәліметінше, үш жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

- 4 тамыз күні түстен кейін бір топ қылмыскер Байқоңырдың 6-шы шағын ауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде орналасқан пәтерге баса-көктеп кіріп, күштеу заттарын пайдаланып, ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткені анықталды. Жәбірленушіні Янгель,көшесіндегі гаражға апарған олар оны ары қарай ұрып-соғып, миллион теңге талап еткен, - деп хабарлады ведомствадағылар.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу ісі қолға алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!