Бас прокуратура өз-өзіне қол салмақ болған түрме қызметкеріне қатысты түсінік берді

16:22, 17 қазан 2019
381

БАҚ-та және әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы №ОВ-156/22 колониясы қызметкерінің өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған әйелінің видеоүндеуі тараған. ҚР Бас прокуратурасы осы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода әйел сотталушы Кондратенконың өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқан арнайы прокурор Таштеновтің психологиялық қысымына шыдамаған күйеуі асылып өлмек болып, қазір комада жатқанын айтады.

- Т.Амантаевтың өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Мүдделі тараптардың араласуын болдырмас үшін сотқа дейінгі тергеу ісі ішкі істер органына тапсырылды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті ішкі тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, ОВ 156/2 қаттаң қадағалау режиміндегі мекемесінде 18 маусымда сотталушы Андрей Кондратенконың камерада асылып, көз жұмуына байланысты тергеу басталған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәртіптік жаза түрінде Талант Амантаевтың қызметі төмендеген.

Оқи отырыңыз: Өз-өзіне қол салмақ болған түрме қызметкерінің әйелі Президентке видеоүндеу жолдады


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!